АТЫРАУДА

БЕЙРУТТАҒЫ ЖОЙҚЫН ЖАРЫЛЫСТЫҢ СЕБЕБІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

4 тамыз күні Бейрут теңіз портында бірден бірнеше жарылыс орын алып, 100-ден астам  адам қаза тапты. Жарылыс толқынынан ондаған үйлер мен автомобильдер қирап, зақымдалды, қаладағы көптеген үйлердің терезе шынылары сынды.

Жергілікті биліктің мәліметінше, жарылысқа кеден қызметінің 2015 жылы тәркілеген, сол уақыттан бері қоймада сақталған 2,7 мың тонна аммиак селитрасының детонациясы себеп болды. Елде аза тұту күні жарияланды. Екі апталық мерзімге төтенше жағдай режимі енгізілді.

Орын алған оқиға бойынша ҚР Президенті Қ.Тоқаев Сыртқы істер министрі Мұхтар Тлеубердіге Ливандағы қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

«Бейрут теңіз портында бірнеше жойқын жарылыс орын алды. Қаланың инфрақұрылымына нұқсан келді. Адам шығыны бар. Жарылыс туралы ақпарат белгілі болғанда Президент Қ.Тоқаев Сыртқы істер министрлігіне  қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды»  делінген хабарламада.

Өз кезегінде СІМ нақты мәліметтерді қосып өтті.

«Қазіргі таңда Ливанда 113 қазақстандық бар. Олардың ішінде зардап шеккендер жоқ» – дейді Мұхтар Тлеуберді.

Айта кету кету керек, жарылыс нәтижесінде ҚР дипломатиялық жұмыстарын жүргізіп отырған мекемеге де залал келді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button