АТЫРАУДАБЕЙНЕТАСПА

Берекенің берекесін көрер күн алыс емес… (+ВИДЕО)

Атырауда облыс және қала басшылығы Алмалы селолық округіне қарасты Береке елдімекенінің тұрғындарымен кездесті.

https://www.youtube.com/watch?v=UdC7SRFfDMM&feature=youtu.be

Атырау облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова тұрғындарды мазалаған мәселелерге назар аударды.

Бүгінде мұнда АНУ-1 және АНУ-2 саяжай учаскесіндегі оқушылардың мектепке қатынауы ұйымдастырылғанын атап өту керек. Демеушілер көмегімен ауыл мен саяжай арасына 600 метр ескі тасжол бөліктері төселген.

Келесі мәселе – Сарыарқа және Сарайшық көшелеріне айналма жол салу арқылы автобус қатынасын ұйымдастыру. Осы орайда, Атырау қаласы әкімінің орынбасары Самат Емберген шағын автобустар шығару қажеттігін алға тартты. Қазір қалаға №55 маршрут жүріп тұрады.

Ал, Алмалы округінің әкімі Гүлшат Аухадиеваның айтуынша, былтыр 19,3 шақырым жол құрылысы басталып, бүгінде аяқталуға жақын қалды. Сондай-ақ, 23,1 км тоқ жүйесін жүргізуге қажетті құжаттар да дайын, қазір сараптамадан өтіп қаражат көзі қарастырылуда.

«Атырау-Ақпарат»

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button