Бес атыраулық парадзюдошы Паралимпиада ойындарына жолдама алды

whatsapp image 2021 07 22 at 09.31.50 1
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Паралимпиада ойындарына жолдама алған спортшылардың тізімі ресми түрде жарияланды. Ел тарихында алғаш рет алты парадзюдошы лицензияға ие болса, оның бесеуі Атырау облысының спортшылары.

Түрлі Халықаралық жарыстарда жүлдегер атанған Сариев Ануар, Дәулет Теміржан, Смағұлов Ғалымжан, Байбатина Зарина және Аманжол Жанбота паралимпиада ойындарында ел намысын қорғайды.

Күні бүгінге дейін Қазақстан бойынша 25 спортшы лицензияға ие болса, оның 7-еуі атыраулық спортшылар болып табылады. Бұдан бұрын паратеквондошы Нұрлан Домбаев пен паражүзужен Ержан Сәлімгереев ойындарға жолдама еншілеген болатын.

Айта кету керек, ойындар Токиода 24 тамыз бен 5 қыркүйек айында өтеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған