АТЫРАУДА

БІР ШАПАЛАҚТЫҢ СОҢЫ ҚАНДЫ ОҚИҒАМЕН АЯҚТАЛДЫ

Атырау облысының Исатай аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен сотталған Ж.К.-ға қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, 2020 жылғы 20 қаңтар, сағат 18.00 шамасында сотталған Ж.К. Құрманғазы ауданы, Орлы ауылында жәбірленуші С.К.-мен бірге алкогольдік ішімдік ішіп отырған. Сол кезде екеуінің арасында  өзара келіспеушілік туындап, жәбірленуші С.К. жұдырығымен сотталған Ж.К.-ның бетінен бір рет ұрып жіберген. Сотталған Ж.К. ашу күйге түсіп, жәбірленушінің денесіне бірнеше рет пышақ сұғып, оның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген.

Басты сот талқылауы барысында сотталушы Ж.К өз кінәсін толығымен мойындап, іс-әрекетіне өкінді.

Сот үкімімен Ж.К. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен кінәлі танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жаза өтеу орны ретінде қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесі белгіленді.

Сот үкімі заңды заңды күшіне енген жоқ.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button