БИЫЛҒЫ ТҰМАУ КОРОНАВИРУСПЕН ҚАТАР ӨТУІ МҮМКІН

Пандемия жағдайында тұмау «COVID-19» жұқпасымен қатарласып өтуі мүмкін. Сондықтан көпшілік жерге бармаған дұрыс, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
«Жедел респираторлық вирустық жұқпа ауа арқылы таралады. Сондықтан, маусымдық жұқпадан ешкім қорғалмаған. Әсіресе, балалардың иммунитетін көтеретін құрамында С дәрумені бар тағамдарды көбірек қолдану керек. Ең дұрысы – иммунитеті әлсіз бала да, егде жасқа келген үлкен кісі де тұмауға қарсы екпе алғаны дұрыс», – depti №2 Атырау қалалық емханасының отбасы денсаулығы бөлімінің меңгерушісі Бексана Мағауия Атырау облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте.


Тегін вакцинаны мына топтағы адамдар алады:
*Медицина қызметкерлері;
*Медициналық бақылауға жататын балалар;
*Алты айдан асқан көп ауыратын балалар;
*Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары;
*Сәбилер үйлері балалары;
*Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушылары;
*Жүктіліктің екінші немесе үшінші триместріндегі жүкті әйелдер;
*Жүрек – қантамыр жүйесінің және тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар науқастар.

Айта кетелік, облыс бойынша емханаларда тұмауға қарсы екпе салу 15 қыркүйек пен 15 қазан айы аралығында жүргізіледі.

Exit mobile version