АТЫРАУДА

Бүгін Атырауды тағы да ақ шаң торлады…

«Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалы ауа райын болжау бөлімінің басшысы Аина Қазғұлова мұны Қара теңіз циклонымен байланыстырады, деп хабарлайды Depti.kz тілшісі.

  • «Мұндай дауыл облыста көктемде жиі болатын көрініс. Өйткені, бүгінде жауын-шашын мен қар мөлшері бұрынғы жылдармен салыстырғанда аз. Соның кесірінен топырақта ылғалдылық жоқ. Десек те, өңірде құрғақшылық қалыптасқан деуге де болмайды» дейді ол.

Қалай болғанда да, тылсым табиғат қандай тосын сый дайындап қойса да, адам баласы дайын болуы қажет-ақ.

  •  – Тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, электр және байланыс жүйелерінің үздіксіз жұмысын жүргізу жауапты орындарға жүктелді. Төтенше жағдайларды жоюға күштер мен құралдар дайындыққа келтірілді. Тұрғындар қауіп төнгенде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісіне 45-00-00, 32-45-67 телефон нөмірлеріне және «112» бірыңғай байланыс орталығына хабарласу қажет, – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button