COVID-19: Атырау облысының әкімі екпенің екінші құрамын алды

Бүгін аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов қаламыздағы «Геолог емханасына» барды.

Онда Қарағанды фармацевтика зауытында шығарылған коронавирусқа қарсы «Спутник-V» вакцинасының екінші компонентін салдырды. Вакцинадан кейін жарты сағат арнайы бөлмеде мамандар бақылауында болды. Одан кейін бірден жұмысына оралды. Жағдайы жақсы, екпенің ешқандай жанама әсерлері байқалмады.

Exit mobile version