АТЫРАУДАCOVID-19

COVID-19: Атырауда науқастар артты

Облыс тұрғындары арасында коронавирус жұқтырған науқастар санының өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Өткен тәулікте Атырау қаласынан 99, Теңіз кен орнындағы скрининг нәтижесінде 10 адамнан анықталды.

Сондай-ақ, Жылыой ауданының 5, Индер ауданының 4, Құрманғазы ауданының 9, Махамбет ауданының 3 және Исатай ауданының 1 тұрғынынан қауіпті індет анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 63 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 158 науқас сауығып шықты.

Қазіргі уақытта 708 адам үй жағдайында, 169 – модульдік ауруханада, облыстық аурухананың инфекциялық стационарында – 60, аудандық инфекциялық стационарларда 92 адам ем алуда.

Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 149 адам емделуде.

Айта кетейік, Атырау облысы коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша “қызыл” аймақта тұр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button