COVID-19: Тағы 97 атыраулықтан анықталды, 38 адам – реанимацияда…

Инфекция жұқтырған 73 адам Атырау қаласынан анықталып отыр. Теңіз кенішінен 8 адамнан коронавирус расталды.

«Жылыой ауданында 2, Индер ауданында 6, Құрманғазы ауданында 5, Мақат ауданында 3 адамнан вирус шығып отыр. Қазіргі таңда 43 адамда коронавирус инфекциясы симптомды түрде өтуде» делінген Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметте.

Еске сала кетелік, өткен тәулікте 143 адам аталмыш инфекциядан толықтай емделіп шықты.

Коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығы бойынша, Атырау облысы «қызыл аймақта» қалып отыр.

Exit mobile version