Дәурен Абаев: «Атырау өңірі – Алтын Орданың тарихи мұрасын зерттеу ісінде маңызды орталық»

«Осыдан бір апта бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлық ұлыстың негізін қалаушы Жошы хан жерленген жер – Ұлытаудағы тарихи – мәдени кешенінде болды. Осы айтулы оқиғаның эстафетасын қабылдай отырып, қазақ және әлемнің әр түкпірінен тарихшы ғалымдарды жинап, қасиетті Атырау жерінде, Орта ғасырдағы ұлы империяның мұрасын талқылау және пайымдау үшін жиналдық», – деді ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев «Ұлы ұлыс – Алтын Орда» халықаралық конференциясында сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, Атырау-жай ғана мұнай астанасы емес, ол біздің ұлан-байтақ Отанымыздың Батыс шебі, ел тарихына орасан зор үлес қосқан даңқты батырларды халыққа сыйлаған жер. Атырау Алтын Орда мұрасын зерттеудің негізгі орталықтарының біріне айналуға тиіс.

Exit mobile version