Дамбы ауылдық округіне ұсынылған кандидаттар саны көп

a45192c7136d2f8f052deeed33d9fd9e
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Атырау қаласының Дамбы ауылдық округі 7 кандидат ұсынылған, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте  Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов мәлімдеді.

Көп кандидат ұсынылғандар сайлау округтері:

– Атырау қаласының Дамбы ауылдық округі (7);
– Қайыршақты ауылдық округі;
– Индер ауданының Жарсуат ауылдық округі;
– Құрманғазы ауданының Кудряшов ауылдық округі (5).