Денсаулығына байланысты Ораза ұстай алмайтындар арнайы садақа бере алады

Биыл 30 жылдық белеске қадам басқан Тәуелсіздік елімізге еркіндік, дәстүр мен дінімізге бостандық әкелді.

Қасиетті Рамазан айында күллі мұсылман күні бойы ауыз бекітіп, Ораза ұстайды. Атыраудағы Әт-Тақуа мешітінің бас имамы Өсімхан Аманбайұлының айтуынша, Ораза ұстау, бұл – әр мұсылманның парызы. Ал, егер аш қалған уақытта ағзаға зиян келетіндей ауруы бар адамдарға оны тұтпауға рұқсат етіледі.

Рамазан айында ғана берілетін Пітір-садақа мөлшері биыл 420 теңге деп белгіленді. Оны «Kaspi.kz» мобильді қосымшасы арқылы да төлеуге болады. Ол үшін облыстағы мешіттердің бірін таңдап, төлем жасайсыз. Алланың үйі – мешітке де аяқтай барып садақа беруге рұқсат етіледі.

Сондай-ақ, садақаны мұқтаж жандардың өз қолдарына да  табыстауға болады. Бірақ, қазіргі эпидемиологиялық жағдайға орай отыз күн оқылатын Тарауық намазын мешітте оқуға тыйым салынады. Сол секілді, топтасып ауызашар беруге де болмайды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Exit mobile version