АТЫРАУДА

ЕЛІМІЗДЕ КҮШЕЙТІЛГЕН КАРАНТИН ТАҒЫ ЕКІ АПТАҒА СОЗЫЛАТЫН БОЛДЫ

Бұл туралы ҚР Президенті Қ.Тоқаев өзінің твиттер парақшасында жариялады.

«Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең Үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет» – дейді Президет өз жазбасында.

Айта кету керек, осыған дейін 5-19 шілде аралығында елімізде күшейтілген карантин жарияланып, қажет болған жағдайда тағы ұзартылатындығы ескертілген еді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button