ЕМБІЛІК МҰНАЙШЫЛАР МАҚТААРАЛ АУДАНЫНА КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН 4 МИЛЛИОН ҚАРАЖАТ ЖИНАДЫ

48cce2c91fd18615
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

«Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы «Bizbirgemiz» жалпыхалықтық акцияға қолдау көрсетуді белсенді жалғастыруда. Бұл жолғы көмек су тасқынынан зардап шеккен оңтүстік өңірдің жұртшылығына жолданады. 

– Түркістан облысы Мақтарал ауданы тұрғындарының бүгінгі қиын жағдайына біздің ұжым бей-жай қарай алмады.Оларға қолдау көрсету мақсатында ембілік мұнайшылар аз уақыт ішінде өздерінің жалақылары  есебінен 4 миллионға жуық   қаражат жинады. Қаражат «Birgemiz-Atyrau» қоғамдық қоры арқылы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жұмсалмақшы. Ұжым мүшелерінің қолдауға зәру ағайынға  әрдайым көмек қолын соза білетін қайырымдылығын баса айтқым келеді,- деп атап өтті «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары  Рысты ТАСМАҒАМБЕТОВА.

Ембілік мұнайшылардың жалақылары есебінен  жиналған қаражат өзге атыраулықтардың Мақтарал ауданы тұрғындарына жіберетін кезекті гуманитарлық көмегіне қосылады.