АТЫРАУДА

Еңбекшіде – мал бордақылау алаңы, Көптоғайда – жаңа тоғандар салынбақ

Құрманғазы ауданының әкімі Марат Мурзиев брифинг барысында ауданның биылғы 3 айдағы әлеуметтік-экономикалық ахуалын баяндады.

Шикі мұнай өндірісінің төмендеуінен өнеркәсіп өнімінің көлемі сәл азайып, 2 564,0 млн теңгені құрады. Ал, аудан экономикасының негізгі бағыты саналатын ауылшаруашылық өнімі 2219,8 млн теңгені құрап, 100,9%-ға өсіп отыр. Тек пандемияға орай түйе мен құс етке тапсырылып, қатары кемігені болмаса, төрт түліктің де саны артты, – деді аудан әкімі.

Ауданда жағымды жаңалықтар да жоқ емес. Еңбекші ауылдық округінен 100 басқа арналған мал бордақылау алаңы ашылады деп күтілуде. Бүгінде жоба иесінің өз қаражаты есебінен қажетті ғимарат құрылысы аяқталды. Жыл аяғына дейін мал сатып алынып, бордақыланатын болады.

Ал, балық шаруашылығын дамыту мақсатында Көптоғай елдімекенінде жеке инвестиция арқылы жалпы құны 4 млрд. теңгені құрайтын тоған салу жұмыстары басталмақ. Жобаға 700 гектар жер телімі бөлінбекші. Сөйтіп, 400-ге жуық адамға жаңа және уақытша жұмыс орындары ашылады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button