Ертеңімізді бүгін қамдауымыз керек

by Depti
0 views

          Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесте сөйлеген сөзінде айтылғандай, егемен елдің 30 жылында жүзеге асқан нәтижелі істерінде Атыраудың үлесі айрықша екендігін даусыз.

Қай саланы алып қарасақ та, мұнайшылар мекені тәуелсіз Қазақстанның нық басып тұруына, тұғырының аласармауына үлесін қосып келеді. бұған Президенттің сайланғанған кейін алғашқы сапарларының бірін біздің өлкеден бастағанын айтпай кетуге болмас. Өзім тәуелсіздікпен бірге жетіліп келе жатқан жас маман ретінде болашағымды Атыраумен байланыстырамын. Өйткені менің де туған өлкемде сүйіп атқаратын жұмысым мен өзіме ғана тиесілі міндеттерім бар. Өңірдегі жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі түпкілікті жойылып,  Президент атап өткен бірнеше міндеттердің жақын арада іске асуын қалаймын. Сондай-ақ, Президент дендеп еніп алған коронавирус індетінің бетін қайтарға бағытталған жұмыстар да жандануы керектігін баса айтып өтті. Мамандардың тапшылығы, медициналық нысандардың ескіруі бәрі кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұған сала мамандарымен қатар, қарапайым азаматтар да үлес қоса білуі керек. Ертеңімізді бүгін қамдамасақ қапы қалуымыз бек мүмкін. Әсіресе, елім деген ерікті азаматтарды бірлесіп жұмыс істеуге, жастарды жұмыла еңбек етуге шақырамын. Өлкедегі экология мәселесі кездесуде айтылып, бұл үшін заң мен механизмі реттеліп тұрғандығын, тек соны іске асыратын нәтижелі істердің қажет екендігі айтылды.

Еліміздің даму сатысында сүбелі үлес қосып келетін Атырауым одан әрі қарыштап, биігінен аласармасын деп тілеймін.

Арман Қасымов, ерікті

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com