Халық ауыл әкімдерін 25 шілдеде сайлайды

Биыл еліміз бойынша, барша қазақстандықтар үшін алғаш рет ерекше форматтағы сайлау өткелі тұр. Өз елінің, туып-өскен жерінің көркеюіне үлес қосар азаматтарды халық енді өзі таңдайды.

Аудан бойынша сайлауға Көктоғай ауылдық округі мен Жарсуат ауылдық округі тұрғындары қатысады.

6 кандитат барлық тексерістерден өтіп тіркелді. Оның бірі – «Nur Otan» партиясынан, енді бірі – «Ауыл» партиясынан, қалған төртеуі – өзін-өзі ұсынушылар.

Үміткерлердің үлкені – 59 жас шамасында, орташасы – 53 жас, ең жасы – 36 жас шамасында.

Сайлау үш учаскеде өткізіледі. 19 комиссия мүшелері құрылды. Барлығы бүгін ПТР тестін тапсырып отыр. Оның ішінде 14 адам толықтай вакцинация алды, қалған 5 адам белгілі себептермен екпе ала қоймады.

Үгіт насихат жүргізу жұмыстары бүгін түнгі 00:00 де аяқталады. Ертең сайлау алды бір күн демалыс деп есептеліп отыр.

Сайлаудың ерекшелігі сол, халық өз туып-өскен жерінің азаматтарын өздері сайлайды.
Науқан ахуалға байланысты барлық санитарлық талаптар сақталып өткізіледі. Антисептик, маска барлығы қамтамасыз етілген.

Әділгерей Сәкенов,
Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

Exit mobile version