«Instagram» желісінде лотерея өткізуге тыйым салынады

Енді арнайы келісім-шартты жасақтамай instagram желісінде лотерея өткізуге тыйым салынады.

«Лоторея және лотерея тектес ойындар туралы заңда: лотерея операторынсыз, лотерея өткізу туралы келісім-шартсыз өткізілген лотерея заңсыз болып табылады» – депті  ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

Заңсыз лотерея өткізетіндердің жолын кесу туралы өзгерісті енгізу мәжілістің бірінші тыңдалымында мақұлданды. Алдағы уақытта «заңсыз» лотереялар өткізілмеуі мүмкін.

Exit mobile version