ИТТІ ҚАТІГЕЗДІКПЕН ҰРЫП-СОҚҚАН КҮДІКТІ АНЫҚТАЛДЫ (ВИДЕО)

Полицияға  арызданған азаматша көше бойында итті ұрып -соғып жатқан белгісіз жанның қылығы бейнеленген   бейнежазбаны да жолдады.

«Тәртіп сақшылары алдымен оқиғаның болған жерін, ұзамай, күдікті  1991жылғы туылған азаматты анықтады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру  Қылмыстық кодекстің   316 бабымен  (Жануарларға қатігездік жасау фактісі) бойынша жүргізілуде», – деді ПД баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік,полицияға арызды  Атырау қаласындағы «Доброе сердце» қоғамдық бірлестігінің мүшелері жолдаған болатын.

https://depti.kz/wp-content/uploads/2020/04/trim.5aabc1ca-66ec-4b10-8187-42afe524aa34.mov
Exit mobile version