АТЫРАУДА

ІV республикалық «Қайырымдылық керуені» байқауы басталды


Байқау жыл сайын Қазақстанның дамуына қомақты үлес қосқан батыл, қамқор жандарды, меценаттар мен нағыз патриоттарды анықтайды, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы брифингте Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі бас инспектор-комиссия хатшысы Замзагүл Жалмурзина мәлімдеді.

– Байқауды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені, «Хабар» агенттігі, «КТК» телеарнасы жүзеге асырады.Оған әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді шешуге үлестерін қосатын және өзгелерді өздерінің игі ісімен ынталандыратын жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.Алайда, кәсіпкерлік субъектілері, қайырымдылық қызметі мемлекеттік қолдаумен (мемлекеттік грант, мемлекеттік тапсырыс және т.б.) байланысты адамдар қатыса алмайды. Лауреаттар «Асар», «Туған жер», «Батыл жүрек», «Мейірім жолында», «Қайырымдылық тарихы», «Бала жүрегі», «Жануарға мейірім» номинациялары бойынша анықталады, – деді спикер.

Байқауға қатысуға өтінімдер 2021 жылдың 30 қарашасына дейін қабылданады. Толық ақпаратты www.fnn.kz, www.businesswomen.kz сайттарынан табуға болады.

Анықтама телефондары: 8 775 370 00 99.


Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button