Жаңа туған нәрестесін қоқыс жәшігіне тастаған әйел сотталды

by Depti
0 views

Атырауда жаңа туған нәрестесін қоқыс жәшігіне тастаған әйел сотталды.

Биылғы қаңтарда Атырау облысында көпбалалы әйел жаңа туған нәрестесін қоқыс жәшігіне тастағанын жазған едік. Кейіннен белгілі болғандай, жантүршігерлік оқиға Қызылқоға ауданындағы Сағыз ауылында болған. Бұрыннан 4 баласы бар әйел жүктілігіне байланысты дәрігерлік есепке тұрмаған. Жүкті әйел аудандық жедел жәрдем стансасына қан кетіп, жағдай қиындаған соң ғана хабар берген. Медицина қызметкерлері алғашқы көмек көрсету кезінде 35 жастағы келіншектің босанғанын анықтаған. Алайда, әйел бастапқыда босанғанын мойындамай, түсіктен кейінгі қан кету деп жалтарған. Осы дерекке байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабымен (Жаңа туған баланы анасының өлтіруі) іс қозғалды.

«Сот шешім шығару кезінде күйеуімен ажырасқаннан кейін әйелдің кәмелетке толмаған 4 баласы қалғанын ескерді. Сотталушы бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды» -деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com