Атырауда арзан ипотека ресімдеуге уәде берген алаяқ әйел ұсталды

1611725032 5a1942f6f573fef943e622e137dc9684

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 48 жастағы әйел 4 адамды алдаған.

«Алаяққа алданған 4 әйелдің әрқайсысы 2019 жылы 500-600 мың теңге аралығында ақша берген. Бірақ, олар арзан ипотека ресімдеуге уәде берген әйелді таппай қалған. Арзан ипотека ресімдеуге уәде берген алаяқ алған ақшасын кері қайтармаған. Жақында полиция қызметкерлері 48 жастағы азаматшаны анықтап, ұстады», – дейді департамент бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, күдіктінің өзге қылмыстарға қатысы тексерілуде.

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: