АТЫРАУДА

КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫНА БАҒЫНБАҒАН АТЫРАУЛЫҚ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ (ВИДЕО)

2020 жылғы 19 маусым күні сағат 22.20 шамасында Атырау облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 16 маусымдағы Қаулысына сәйкес, «қоғамдық орындарға, оның ішінде алаңдарға саябақтарға, жағалауларға баруға тиым салынуына» байланысты полиция қызметкерлерімен Жайық жағалауында қала тұрғыны тоқтатылып, ескерту жасалды.
Алайда, бұл азамат өзіне жасалған ескертулерге қарамастан, полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, қарсылық көрсеткен.

1990 жылы туған азаматқа қатысты ҚР ƏҚБтК-нің 667 бабының 1 бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, сот қаулысымен 2 тәулік мерзімге қамауға алынды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button