Карантин жағдайындағы Рамазан қалай өтетіні түсіндірілді

by Depti
0 views

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының төрағалығымен жергілікті имамдардың кезекті көшпелі мәжілісі онлайн форматта өтті. Оған қала, аудан және ауыл имамдары қатысты.

Мәжілісте Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы пандемия жағдайына байланысты, Рамазанда қашықтықтан атқарылуы тиіс шараларға тоқталды.

“Мәселен, уағыздардың барлығы онлайн форматта өтуі қажет. Сол себепті, мешіттердің әлеуметтік желілердегі парақшаларын тиімді пайдалану керек.

Онлайн форматта уағыз ғана емес, Құран оқылып, намаз үйрету сынды дәрістер де ұйымдастырылуы маңызды. Карантин талаптарын қатаң сақтау мақсатында дезинфекциялық шараларды күшейту керек.

Және Рамазанда жамағатты көбірек истиғфар айтуға, салауат айтуға үндеуіміз қажет” деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Сонымен бірге, мешіттер жанынан жылдағыдай киіз үйлер құрылып, ауызашар берілмейтіні белгілі болды. Ауызашар қоржындары ауыз бекіткендерге тасымал түрінде жеткізілетін болады.

“Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз қызметі”

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com