АТЫРАУДА

Көкөністі кімдер қымбаттатып жатқаны белгілі болды

Қазақстан базарларындағы көкөніс бағасының қымбаттауына жергілікті әкімдіктер кінәлі. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, мұндай жағдай жыл сайын қайталанады және оны шешуге тиісті ауыл шаруашылығы министрлігі де қол қусырып қарап отыр деді министр. Ол бұл жағдайдың жақын арада шешілмейтіндігін де айтты.

Кей аймақтар тұрақтандыру қорына үміт артып отырса, Атырауда бұл да жоқ. Себебі, облыстық тұрақтандыру қоры 2019 жылы 1500, ал былтыр 605 тонна көкөніс сатып алған. Тұрақтандыру қорындағылар көлемнің екі есе қысқаруын «көкөністердің бұзылып кету қаупі болғандықтан, аз алуға тура келді» деп түсіндіріп отыр. Өкінішке қарай, қазір осындай әрекеттің зардабын халық тартуда: көкөніс тапшылығы туындап, баға шарықтап кетті.

«Тұрақтандыру қоры жұмысы барысында 2021 жылдың желтоқсан айынан сәуір айына дейін 605 тонна жеміс-көкөніс өнімдері сатып алынды. Аталған өнім егістіктен жиналған күннен бастап 6 ай ішінде сатылып үлгеруі керек. Міне бүгінде сәуірге дейін біз бәрін сатып бітірдік» дейді «Атырау» ӘКК» ҰК АҚ мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру департаментінің менеджері Азамат Айтпаев. 

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button