АТЫРАУДАБЕЙНЕТАСПА

Көпірден секіремін деген атыраулық кешірім сұрады (+ВИДЕО)

Атырауда қала тұрғыны ертең өзіме қол жұмсаймын деп жалған хабарлама берген, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

https://youtu.be/OyowTKgCOq4

Облыстық ПД баспасөз қызметі мәлімдегендей, 22 мамыр күні сағат 12.30 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының «102» операторына белгісіз ер адам қоңырау шалып мен ертең суға секіріп өлемін деп  хабарлама берген. Байланыс аясынан ажыраған азырданушы,  полиция қызметкерлерінің алаңдатушылығын туғызды.

Полиция қызметкерлерімен тексеру барысында берілген ақпараттың жалған екендігі анықталып, полицияға жалған хабарлама берген 1988ж.т қала тұрғыны екені анықталды.

Анық болғандай, азамат қалжың үшін полицияға  телефонынан орта дәрежелі масаң күйде қоңырау шалған. Аталған факт бойынша азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабының 1-бөлігімен (Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, отыз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Айта кету керек, жыл басынан бері полиция 18 жалған хабарлама   қоңырау келіп түскен. Өз кезегінде Атырау қаласы Полиция басқармасы тұрғындардың назарына арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақырған жағдайда, ҚР ӘҚБтК-нің 438 бабы бойынша жауапкершілікке тартылатындығы жөнінде ескертеді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button