Көшені ластағандар 875 100 теңгеге дейін айыппұл арқалайды

by Depti
0 views

Атыраулық полицейлер жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзған 1000-ға жуық факті анықтаған.

Облыстық полиция департаментінің бөлім басшысы Мейірім Ердәулеттің хабарлауынша, Атырау қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары қаланың абаттандырылуын бақылау бойынша тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды үнемі жүргізуде. Өйткені, қала келбеті тек сәнді де сәулетті үйлермен, жасыл желекті саябақтармен өлшенбейді. Күн сайын көркейіп келе жатқан қаламыздың ажары оның тазалығына да байланысты.

Сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторларының қала әкімдігі және арнайы автобаза қызметкерлерімен біріккен
“ТАЗА ҚАЛА”  Whatsap чаттары да жұмыс істейді. Чатта қоқыстарды, тұрмыс қалдықтарын белгіленбеген жерге төгетін қала тұрғындарының бейнежазбалары жолданып, әкімшілік шаралар қабылданып отырады. Бұл чаттың бір пайдасы- осындай құқықбұзушылықтарды жасайтын адамдарды дер кезінде анықтау.

Мәселен, жыл басталысымен  учаскелік полиция инспекторларымен абаттандыру ережелерін бұзудың шамамен 1000-ға жуық фактісі анықталған. Барлық тәртіп бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, Полиция қызметкерлері азаматтарды, ұйымдардың иелерін, жеке кәсіпкерлерді жақын маңдағы аумақтардың, аулалардың, көшелердің тазалығын сақтауға шақыра отырып, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу, сондай–ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, қалалар мен елді мекендердің жасыл алаңдарын жою және бүлдіру – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – 20, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатындығын және  бұл құқық бұзушылықтар әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде бірнеше рет жасалса, онда олар жеке тұлғаларға – 30, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 40, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 300 АЕК (875 100 теңге) мөлшерінде айыппұл салынатындығын ескертеді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com