АТЫРАУДАCOVID-19

Коронавирусқа қарсы екпе алған атыраулық ақын тұрғындарға үндеу тастады

Атырау қалалық №4 емханада белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бақытгүл Бабаш коронавирус инфекциясына қарсы «Спутник V» вакцинасын салдырды.

Ол өз кезегінде отбасында барлығы екпе алып жатқанын және бұл аурудың алдын алудың ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ екенін айтты. Сондықтан, түрлі негізсіз алып-қашпа әңгімелерге сенбеуге және вакцинациядан қорықпауға шақырды. Өйткені, ұжымдық иммунитет қалыптасқанда ғана ауруды ауыздықтауға болады. 

– Отбасымда алдымен жұбайым екпенің екі құрамын да алды. Денсаулығында ешқандай кінәрат байқалмады. Мен де вакцина алуға шешім қабылдадым. Себебі, жұқпалы дертті түбегейлі жеңудің жалғыз жолы осы деп ойлаймын. Атырау тұрғындарын көпке созбай екпе алуға шақырамын. Бірінші байлық денсаулықтан артық ештеңе жоқ, – деді ол бізбен әңгімесінде.

img 20210429 wa0040

Вакцинаны атыраулықтар қалалық емхана, аудандық аурухана,  дәрігерлік амбулотория мен жеке клиникалардан  бөлек, «Дина» және «Байзар» сауда орталықтарында да қабылдай алады. Ал, қазақстандық вакцина қазір №4 және №7 қалалық емханаларда салынуда. Екпені таңертеңгі сағат 09.00-21.00 аралығында алуға болады.

Мұндағы медбикелер екпе алуға ниет білдірген тұрғындар қатары артып келе жатқанын айтады. Әсіресе, түрлі мекемелер мен кәсіпорын жұмысшылары көптеп келуде. Осы орайда, екпенің екі рет салынатынын ескерген жөн. Алғашқы компонентін алған адам 20 күннен кейін екіншісін қабылдауы қажет.

Айта кетейік, вакцинациялау ЕРІКТІ түрде, яғни, мәжбүрсіз және ТЕГІН жүргізіледі. Вакцинациялау мәселесіне қатысты арнайы 1406 CALL-ОРТАЛЫҒЫ жұмыс жасайды.

smprarara 2

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button