Мәжіліс депутаты Махамбет тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан Халық партиясы» фракция мүшесі Айбек Паяев Махамбет ауданына қарасты Сарайшық және Бейбарыс ауылдарында болып, тұрғындармен кездесті.

Конституцияға енгізілетін өзгерістерді түсіндіріп, 5 маусым күні өтетін референдумға қатысуға шақырды. Әйелдердің зейнет жасын төмендету мәселесін көтеріп келе жатқан партияның белді мүшесі жер қойнауын игеру, суперпрезиденттік басқарудан бас тарту, қазақ тілінің де жайын қаузап өтті. 90-ға жуық тұрғыны бар Ескі Сарайшық ауылының халқы өздерінің проблемасын айтып, жол мәселесін қозғады. Мәжілісі депутаты көтерілген жайларды республика деңгейде көтеретіндігін жеткізді.

Қазбек Айтқалиев

Exit mobile version