АТЫРАУДА

МАХАМБЕТ АУДАНЫНДА 60 ПӘТЕРЛІК ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ (ВИДЕО)

Махамбет ауданында алпыс пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Жуырда пәтер баспана кезегінде тұрған ​ ауыл тұрғындарына табысталады, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Махамбет аудандық тұрғын үй, коммуналдық – шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Аслан Сапаровтың айтуынша, ауылдарда құрылыс жұмыстары пандемия кезінде тоқтаған жоқ.​

» Өткен жылы құрылысы салынып басталған 60 пәтерлік тұрғын үй көпбалалы, жетім, әлеуметтік осал топ отбасыларына, апаттық жағдайда тұрған және бюджет қызметкерлеріне табысталады. Қазір үйдің құжаттары нақтылануда.​ Қазіргі уақытта аудан орталығында, Сарайшық, Ортақшыл ауылдарында электрлендіру, газ жүргізу жұмыстары басталды. Қыркүйек айында толықтай аяқталады деп күтілуде» дейді Аслан Сапаров.

Тұрғын үйдің 30 пәтері 2 бөлмелі, қалғаны 3 бөлмелі. Үй құрылысын​ «Гарант строй 2008» ЖШС мердігер компаниясы жүргізген.

Махамбет ауданындағы тағы бір маңызды нысанның бірі​ – «Бизнес инкубатор» жобасы. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында салынған ғимаратта жас кәсіпкерлер шыңдалады.

​ ​ ​

«Аудан орталығында қараусыз қалған «Нарын» базары қазір заманауи кәсіпкерлер бас қосатын орталыққа айналады деп күтілуде. Бұл жоба​ менің бірнеше жыл ойымда жүрген жоспарым еді. Қазір құжаттары реттелуде, жуырда жұмысымызды бастаймыз»

​ ​ Инкубаторда кәсіп бастаушыға арналған 24 кабинет бар. Кәсіпкер болғысы келетін адам осы орталыққа жобасын апарады. Содан кейін таңдаған кәсібімен орталықта үш жыл бойы жұмыс жасайды.​

Ал, бұрыннан сұлулық, сән саласы қызметтерімен айналысатын қыз-келіншектер немесе ұсақ саудамен айналысатындар ​ осы орталыққа келіп, әрі қарай жұмысын жалғастыра алады. Бір орынды жалға алу құны – 10 000 теңге.

Бір ерекшелігі, осы ортаға келген адам кәсіпке жер телімін алудың жолдарын, бизнес бастаудың қыр-сырын тереңірек біліп шығады» дейді Махамбет аудандық Туризм және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Жексенбай Пазылов.​ ​ ​ ​ ​

​ Айта кетейік, Махамбет ауданында негізінен ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы жақсы дамыған. Қазіргі​ пандемия жағдайында тұрғындарға қызмет көрсету, оның ішінде тапсырыспен үйге тамақ жеткізу, шаштараз, сұлулық қызметтері, көлік жөндеу салаларына сұраныс артып, дамып отыр.

Қазір​ Махамбет ауданында 1800 жеке кәсіпкер бар. Соңғы сегіз айда 200 адам өз бизнесін бастаған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button