АТЫРАУДА

МАХАМБЕТ ДОСМҰХАМБЕТОВ «АТЫРАУ – АСТРАХАН» ТАС ЖОЛЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

Бүгінгі уақытта жобада ​ ​ 600-ден астам жол-құрылыс мамандары жұмыс істеп жатыр.
«Яғни, қазіргі уақытта жол-құрылыс жұмыстары Мақат-Қандағаш (330-458 км) және Атырау-Астрахан (648-893 км) учаскелерінде жүргізілуде. Онда​ 160-тан астам жергілікті тұрғындар еңбек етіп жатыр» деді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәслихат сессиясында алты айдың жұмыс қорытындылары туралы​ ​ ​ ​ ​баяндамасында.

Еске сала кетелік, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық маңызы бар «Ақтөбе – Атырау – Астрахан» (РФ шекарасы) автомобиль жолы қайта жаңғыртылуда.​

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button