МАҚАТ АУДАНЫНДА БАЛАЛАР КВИ-МЕН АУЫРДЫ ДЕГЕН АҚПАРАТ WHATSAPP АРҚЫЛЫ ТАРАЛУДА

by Depti
0 views

Әлеуметтік желілерде Атырау облысының Мақат ауданында балалар короновирус инфекциясымен ауырып жатыр деп тараған ақпарат жалған болып шықты, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз  қызметі.

Мақат аудандық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Асұлан Абдрахмановтың айтуынша, Мақат ауданы бойынша балалар короновирус инфекциясымен ауырып жатқан жоқ.

“Әлеуметтік желіде Мақат ауданында балдар ауырған деген жалған ақпарат. Қазіргі уақытта аурухананың провизорлық стационарында 11 адам емделіп жатыр. Біреуі ғана 10 айлық бала. Оның диагнозы- суықтан болған пневмония. Сәбидің жағдайы қазір жақсы. Жуырда үйіне шығарылады”- дейді Асұлан Абдрахманов.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com