Бүгінде дәрі-дәрмекті заңсыз сатқан 270 адам анықталды. Олардың ішінде 116 дәрігер де бар болып шықты.
«Батыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Қарағанды облыстарында, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында дәрі тапшылы әлі де бар, өмірлік маңызы бар дәрілерді заңсыз қымбаттату деректері анықталды. Көлеңкелі сауда дамып барады» – дейді Қ.Тоқаев.
Мемлекет басшысы кінәлілер жауапқа тартылатындығын атап өтті.