НҰРТІЛЕК ҒАРИФОЛЛА — БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ!

Талқайраң негізгі мектебінің 6 сынып оқушысы Нұртілек Ғарифолла «Арайлы алтын күз» ерекше балаларға арналған шығармашылық байқауында жеңімпаз атанып, мектеп абыройын асырды.

Байқауға қатысуға облыс көлемінде ерекше ынта білдірген оқушылар көп болды.

Сайысқа қатысушы оқушылар күз мезгілін өз көздерімен суреттеп, шығармашылық ой-қиялдарының ұшқыр екендігін көрсете білді. Нұртілек Ғарифолла мұндай сайыстарға алғаш рет қатысып отырмағандығын, алдағы уақытта білім мен біліктілікті сынайтын өнер жарыстарына қатысып, өзін дамыта беретіндігін айтады.

Нұртілектің атасы Бауыржан Қабдрахманұлы мен әжесі Марал Әбілғазиева немерелерінің кезекті жеңістеріне қуанып, оза шапқанына дән риза.

Алмас ҚАБДОЛТЕГІ

Exit mobile version