АТЫРАУДА

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

Атырау облысы әкімінің Өкімімен Ерлан Асылбекұлы Назаров облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ATPress.kz


Назаров  Ерлан Асылбекұлы 1983 жылы Қызылорда қаласында туған. Білімі жоғары: Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясын, Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін, сондай-ақ АҚШ-тағы Дьюк университетін тәмамдаған.   

Еңбек жолын Қызылорда облысы бойынша Статистика департаментінде бастап, 2004-2006 жылдары осы мекемеде  экономист, маман, жетекші маман, бөлім бастығы болып жұмыс істеген. 

2007-2008 жылдары Қызылорда облысының Қаржы басқармасында түрлі лауазымда қызмет еткен. 

2008-2010 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының экономикалық талдау және қала құрылымын дамыту бөлімінің бастығы болған. 

2010-2012 жылдары Жалағаш ауданы әкімінің аппаратын басқарған.

2012-2013 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары болған. 

2013-2015 жылдары – Қызылорда облысының Сыртқы байланыстар басқармасының басшысы.2015 жылы  ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. 

В 2017-2019 жылдары Ақтөбе облысының индустриалды-инновациялық даму басқармасына. 

2019-2020 жылдары Ақтөбе облысының Кәсіпкерлік басқармасына басшы болды.

Қазіргі лауазымға тағайындалғанға дейін бизнес-құрылымдарда басшылық қызмет еткен.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button