Атырау облысы әкімінің Өкімімен Ерлан Асылбекұлы Назаров облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ATPress.kz
Назаров Ерлан Асылбекұлы 1983 жылы Қызылорда қаласында туған. Білімі жоғары: Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясын, Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін, сондай-ақ АҚШ-тағы Дьюк университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын Қызылорда облысы бойынша Статистика департаментінде бастап, 2004-2006 жылдары осы мекемеде экономист, маман, жетекші маман, бөлім бастығы болып жұмыс істеген.
2007-2008 жылдары Қызылорда облысының Қаржы басқармасында түрлі лауазымда қызмет еткен.
2008-2010 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының экономикалық талдау және қала құрылымын дамыту бөлімінің бастығы болған.
2010-2012 жылдары Жалағаш ауданы әкімінің аппаратын басқарған.
2012-2013 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары болған.
2013-2015 жылдары – Қызылорда облысының Сыртқы байланыстар басқармасының басшысы.2015 жылы ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
В 2017-2019 жылдары Ақтөбе облысының индустриалды-инновациялық даму басқармасына.
2019-2020 жылдары Ақтөбе облысының Кәсіпкерлік басқармасына басшы болды.
Қазіргі лауазымға тағайындалғанға дейін бизнес-құрылымдарда басшылық қызмет еткен.