ОБЛЫСТЫҚ ПЕРЗЕНТХАНАДАН КОРОНАВИРУС БЕЛГІСІ БАР СОҢҒЫ НАУҚАС ШЫҚТЫ

by Depti
0 views

Бүгін Атырау облыстық перинаталдық орталықтан СOVID-19 симптомымен босанған ана емделіп, үйіне шығарылды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта аталған орталықтың провизорлық стационары бос тұр.
«Негізінен 50 орындыққа ыңғайланған провизорлық стационар маусым-шілде айларында бос болмады. Соңғы айда жағдай жақсарып келеді. Короновирус симптомымен түсіп жатқан жүкті әйелдер жоқ. Дегенмен, босаңсуға болмайды. Алда көптеген вирустың өршитін күз-қыс мезгілі келе жатыр. Сондықтан, әлі де санитарлық ережелерді қатаң сақтау керек» – depti облыстық перинаталдық орталық директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Қазбек Ермағамбетов.

Айта кетелік, 9 қыркүйек күнгі мәлімет бойынша, Атырау облыстық перинаталдық орталығына 153 әйел түскен. Оның 87 –ісі босанған әйелдер.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com