Өңірде вакциналау жұмыстары қарқынды жүргізілуде

1 ақпаннан бастап бүгінге дейін өңірге вакцинаның 111 200 дозасы жеткізілді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы Асхан Байдуәлиев онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, өңірге жеткізілген вакцинаның 68 411 (61.5%) дозасы игерілген. Оның ішінде «Спутник-V» вакцинасы 63 303 адамға, «QazVac» 1 088 адамға, «Hayat-Vax» 4 020 адамға егілді.

Сондай-ақ, 16 маусымдағы вакциналар қалдығы – 42 789 доза.

Айта кетейік облыс бойынша, вакциналардың II компонентімен егілгендер саны – 25 241 адам.

Exit mobile version