АТЫРАУДА

пәтер жалға беремін деп алдаған…

Атыраулық полицейлер пәтер жалға беремін деп азаматтарды алдаған күдіктіні анықтады.

Белгісіз ер адам интернет желісіндегі OLX.kz жарнама сайтында Ақтау қаласынан 2-бөлмелі пәтерді ұзақ мерзімге жалға беремін деп, алдын ала төлем жасатқан.
Алаяқтың құрбаны болған 19 жастағы және 23 жастағы Маңғыстау облысының екі тұрғыны Атырау қаласы полиция басқармасына осындай арызбен жүгінді. Олардың әрқайсысынан күдікті тұрғын үйді жалға беру үшін «Кaspi gold» карточкасына 10 мың теңгеден ақша аудартқан.
Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, нәтижесінде тәртіп сақшылары алаяқтық жасаған Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданының тұрғынын анықтап, ұстады.

Белгілі болғандай, күдіктінің жалға берілетін арзан тұрғын үй туралы хабарландыру беріп, өз құрбандарын сайттан тапқан. Пәтер құнының арзандығына қызығып қоңырау шалған адамдарға қазір жолда екенін және келген соң пәтер кілтін тапсыратынын айтқан. Сондықтан, олардан пәтер төлемақысының алдын-ала төлемін банк картасына аударуын сұраған.

Қазіргі уақытта аталған деректер бойынша ҚР ҚК 190 бабы 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 32 жастағы күдікті қамауға алынды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button