Атыраулық полицейлер есепте тұрған 500-ден астам адамды тексерді.
Атыраулық полицейлер Республика көлемінде өтіп жатырған “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде қала аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды туғызатын себептер мен жағдайларды жою, қылмыскерлікті ескерту, құқық бұзушыларды есепке алу және оларға заңды шаралар қолдану мақсатында ІІО-ның тізімдік және профилактикалық есебінде тұрған тұлғаларға тексеріс жұмыстарын жүргізуде. Атырау қаласы Полиция басқармасының профилактикалық есебінде 2500 астам адам тіркеуде тұр. Шара басталғалы учаскелік полиция инспекторлары 10 күннің ішінде 500-ден астам есептегілерді тексеріп, Полиция басқармасының тізімдік есебіне 70-ке жуық тұлғаны жаңадан есепке алды.
“Polisia.kz”