АТЫРАУДА

ПРАЙМЕРИЗ 2020: ДАУЫС БЕРУ ЖҮРІП ЖАТЫР

Бүгіннен басталған «Nur Otan» партиясы праймеризінің қатысушыларына дауыс беру мерзімі 3 қазан күнгі сағат 14:00-ге дейін жалғасады, – depti «Nur Otan» партиясының баспасөз қызметі.

Партияның әр мүшесі өз сайлау аумағынан додаға түскен үміткерлердің ішінен таңдағандарының барлығына дауыс бере алады, алайда бір телефон нөмірінен бір адам ғана дауыс беру құқығына ие болады. Cонымен қатар екінші қайта кіріп басқа адамдарға дауыс бере алмайды.

Дауыс беру негізінен онлайн форматында жүзеге асырылады, алайда интернеті жоқ азаматтар үшін еліміздің барлық аймақтарында арнайы жабдықталған сайлау учаскелері жұмыс істейтін болады.

Онлайн-дауыс беру 2020 жылдың 1 қазанда түнгі сағат 00:00-де басталып, 2020 жылғы 3 қазанда күндізгі сағат 14:00-де аяқталады. Сайлау учаскелерінде дауыс беру 2020 жылдың 3 қазанында таңғы сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін қолжетімді болады.

Партия мүшелері өз таңдауларын төрт түрлі жолмен жүзеге асырады. Біріншісі – смартфондарға арналған мобилдік жүктеме, ал екіншісі – primaries.kz веб-порталы арқылы. Интернет желісімен қамтамасыз етілмеген елді мекендерде тұратын 84 000 астам партиялықтар арнайы учаскелерге барып, қағаз бюллетень арқылы дауыс береді, ал қалған аймақтардағы учаскелерде сайлаушыларға онлайн түрде дауыс беру үшін интернет желісіне қосылған арнайы орындар жабдықталатын болады.

5-ші қазан күні праймериз қорытындысы бойынша үміткерлердің барлық деректері мен рейтингтері партияның интернет-сайтында жарияланады.

Елімізде алғаш рет өткізіліп отырған партияішілік іріктеуге 10 000 астам азамат қатысуға ниет білдірген болатын.Олардың ішінде білім және ғылым, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, мәдениет, спорт тағы басқа салалардың өкілдері бар. Үміткерлердің 31% білім және ғылым саласының өкілдері құрайды – бұл сала бойынша ең үлкен көрсеткіш.

Кандидаттардың 36,9% әйелдер, 29,6% – 35 жасқа дейінгі жастар, бұл әйелер мен жастардың саяси бесленділігінің көрсеткіші. Сонымен қатар, додаға қатысуға отандастар, ерекше қажеттіліктері бар азаматтаржәне көп балалы аналар да тіркелген. 

Үміткерлердің орташа жасы 43 жасты құрайды. Ең жасы 19-дағы Түркістандық Ақерке Талғатбек, ең үлкен кандидат – 83 жастағы Шымкент тұрғыны Басс Нина.

Бұл қоғамның да, партияның да саяси өмірдегі жаңа өзгерістерге дайын екендігінің көрсеткіші.

«Nur Otan» партиясының Қазақстан Республикасы бойынша мүшелерінің саны 800 000 асады.  

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button