Премьер-министр Атыраудағы қымбатшылыққа шүйлікті

9493247112036630

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаевқа қатаң сөгіс беру керектігін айтты.

Ол бұл тапсырманы орындауды аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовке жүктеді. Бұл туралы «Сaspianlife.kz» жазады. Әкім орынбасарының сынға  ілінуінің бірден-бір себебі, облыстағы тамақ бағасының қымбаттауы. Өйткені, Қайрат Нұрлыбаев осы салаға жауапты.

Жалпы, елімізде биыл тамақ бағасы 3,2 процентке артқан . 6 сәуірдегі жағдай бойынша, басқа өңірлермен салыстырғанда Атырау мен Жамбыл облыстарында азық-түлік бағасы айтарлықтай көтерілген. Ал ШҚО мен Ақмола облысында катты өсім байқалмайды. Бұл жағдайға байланысты  Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов та пікір білдірді. Оның сөзінше, жергілікті әкімдіктер тиісті іс-шараларды жасай алмай отыр.

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: