Президент Атырауды дамытуға қатысты 7 міндетті айқындап берді

by Depti
0 views

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте өңірді дамытуға қатысты 7 міндетті айқындап берді.

«Атырау облысының жағдайы туралы барлық баяндамаларды тыңдадық. Аймақты дамытуға қатысты нақты мақсат-міндеттеріміз бар. Індеттен туындаған қиындыққа қарамастан, ел экономикасын қалпына келтіруге күш жұмылдыруымыз қажет. Қазір бүкіл әлем дамудың дағдарыстан кейінгі кезеңіне қадам басты. Біз осы үрдістен қалып қоймауымыз керек. Сондықтан, мынадай міндеттерді шешуге баса мән берген жөн», – деді онлайн форматта өткен кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев. Бірінші – мұнай-газ өнеркәсібін дамыту, екінші – автожолдарды дамыту, үшінші – жұмыспен қамту, төртінші -денсаулық сақтау жүйесін нығайту, бесінші – өңірді тұрақты энергиямен қамту, алтыншы – өңірді сумен қамтамасыз ету. «Жетіншісі – тұрғындардың денсаулығы және өмір сапасы өңірдегі экологиялық жағдайға байланысты», – деді Президент.

Дереккөз: inform.kz

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com