АТЫРАУДА

Қайрат Оразбаевқа ең көп қойылған сұрақтар легі

Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаевқа ең көп қойылған сұрақтар  легін ұсынамыз.

  • Шеті де шегі де жоқ жол мәселесі. Әсіресе жақында ғана Атырау қаласының территориясы болып танылған «Ақсай» ықшамауданына 15 км,  ал «Береке»  ықшамауданына 19 км жол 2020 жылы салынады ма?

Қайрат Оразбаевтың жауабы: « Бұл көлемді жол болғандықтан бір жылда салып тастау мүмкін емес. Алайда, мектепке дейінгі және басқа да негізгі жолдарды салуды қолға аламыз» – депті.

  • Салынғаннан кейін белгілі бір уақытта қопарыла бастайтын «тратуар» сапасының  төмендігі қалай шешіледі?

Қайрат Оразбаевтың жауабы: «Жалпы жол сапасын жақсартуды қатаң бақылауға аламыз» – депті.

  • Телеграм чатында жиі сыналатын автобус мәселесі де жауапсыз қалмады.

Қайрат Оразбаевтың жауабы: «2020 жылы 170 автобус алдырамыз. Ақпан айының аяғында мүгедек жандарға арналған отандық автобустар әкелінеді» – депті.

  • Мақат ауданында салынғалы отырған «Газ өңдеу зауытын» кім салады? Құрылысы қашан басталады?

Қайрат Оразбаевтың жауабы: «Бұл зауыт мұнай өндірісін арттыру мақсатында салынғалы отыр.  Әлі нақты шешім қабылданбады. Мән-жайы пысықталып жатыр. Бұл «Самрұқ-Қазына» АҚ жобасы. Аталмыш зауыт Республика, облыс жағдайын жақсартады» – депті.

Фото: Әнуар Әбілғазиев

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button