АТЫРАУДА

Құрманғазыда 2 тонна қарагөз қырылды

«Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері 9 мамырда рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде Құрманғазы ауданының Құрманғазы ауылынан шамамен 20 шақырым жерде Шарон өзенінен шыққан жыра аумағындағы қамыстар арасынан қаракөз балықтарының қырылу фактісі анықталды.

Аталған аумақта қырылған шамамен 2 тонна балық жергілікті атқарушы орган және Құрманғазы балық инспекциясының қызметкерлерімен жерге көму арқылы жойылатын болады. Қазіргі уақытта бұл жұмысқа ау құралдары, тарнспорт пен жұмысшы күші тартылуда», -делінген комитет таратқан ақпаратта.

Балықтардың қырылуына Шарон өзеніне өр суының кеш келуіне байланысты балық шабақтарының ағысқа қарсы жүзе алмауы себеп болуы мүмкін. Бұл туралы мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар хабардар етілген.

«Қазақпарат»

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button