Ресейге жер беріліп жатқан жоқ: Көптоғайдағы шекара қоршауын жылжыту уақытша тоқтатылмақ…

by Depti
13 views

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Атырау облысы бойынша департаментінің баспасөз-қызметі мәлімдеді.

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Көптоғай ауылында орын алып жатқан жағдайға түсінік берген ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Атырау облысы бойынша департаменті өкілі Ардақ Әмірғалиевтің мәлімдеуінше, Қиғаш жағалауында ​ 1995- 1996 жылы уақытша тұрғызылған шекаралық қоршауды жылжыту мәселесі жергілікті тұрғындар арасында түсініспеушілік тудырған.

Әңгіме 2005 жылғы 18 қаңтарда Мәскеуде қол қойылған “Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы келісіміне” байланысты туындап отыр.
​ «Демаркация бір жылда бітпейтін ұзақ мерзімді процесс, қазіргі таңда ол жұмыстар аяқталған жоқ. Демаркация кезінде өткен жылы қазақстандық және ресейлік жұмыс тобы 1995- 1996 жылы уақытша тұрғызылған шекаралық қоршаудың Ресей Федерациясына тиесілі территорияда орналасқанын анықтаған еді.

Қоршаудың шамамен ұзындығы 1500 метр, тереңдігі 10-70 метр аралығында (жарты арал іспетті). 2005 жылғы 18 қаңтардағы екі ел арасындағы келісімге сәйкес, қоршау тиесілі орында орнатылуы үшін, оны қазақстандық территорияға қарай жылжыту қажет. Қазақстандық шекарашылар күні бүгінге дейін осы мәселемен айналысып келді.

Алайда, жергілікті тұрғындар жағдайды басқаша қабылдап, шекарашылар орнатып жатқан қоршауға қарсылық білдіріп отыр.​

Мәселе екі мемлекет арасында келісілген нормативтік құжатта көрсетілген қоршауға байланысты болып отыр. Және қоршау​ ұзындығы 1500 метр учаскеге байланысты. Бұл жерде қазақстандық территорияны Ресейге беру деген мәселе жоқ» деп нақтылады спикер.

​Оның үстіне, егер, аталған учаске шаруашылық немесе басқа мақсаттағы жер болса, демаркация процесінде мұндай мәселені екіжақты келісім арқылы шешуге болады. Халықаралық қатынастарда бұл кеңінен тараған тәжірибе, ​ ол үшін белгілі бір құқықтық процедураларды жүзеге асыру керек. Және ол мәселелер жергілікті атқарушы органдар (әкімдік), Үкімет, Сыртқы істер министрлігі арқылы шешіледі.

19 сәуірден бастап Көптоғай селосындағы учаскеде қоршауды жылжыту жұмыстары жағдай реттелгенге дейін уақытша тоқтатылады.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com