АТЫРАУДА

Шекарашылар балаларға қуаныш сыйлады

1 маусым балар күні мерекесіне орай ҚР ҰҚК ШҚ Атырау облысы бойынша депаратаменті жыл сайын маңыздышара ұйымдастырады.

Биыл да баларға қуаныш сыйлады. Осы мақсатқа орай «Мен Қазақстанның патриотымын» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырлды. Әрбір бүлдіршінге департамент басшысы өз қолымен мақтау қағазы мен сыйлықтар табыс етті. Өз атынан балалар мен ата-аналарға жылы ниетін білдіріп, мейраммен құттықтады.  Балалар үшін арнайы көңіл көтеретін өнерпаздар шақырылып, ойындар ойнатылды. Балалар түрлі түсті бояумен жер бетіне сурет салды. Жас өнерпаздар мың бұрала билеп, ән шырқады. Мереке иелеріне арнап ақ дастархан жайылды. Соңында ата-аналар зор алғыстарын білдіріп, ізгі тілектерін жолдады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button