АТЫРАУДА

Шекарашылар ізгі іс атқаруға өз үлестрін қосуда

ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері «Шаңырақ» балалар үйінің 16 тәрбиеленушісіне қажетті киім-кешек пен азық-түлік апарды.

Қасиетті қазақ халқы сонау ерте заманнан бері «жесірін қаңғыртпай, жетімін жылатпай» өсіргені белгілі. Міне Тәуелсіздігімізге 30 толған мереке аясында игі істер өз ретін тауып отыр. Ерте заманнан бергі келе жатқан мұндай ұлы істерді бүгінгі ұрпақ ыждахаттылықпен жалғастыруда.  Осы мақсатта Атырау облысына қарасты «Шаңырақ» балалар үйіне ҚР ҰҚК шекара қызметі Атырау облысы бойынша депаратаменті үнемі ізгі істер атқаруын жалғасытырып келеді. Бүгінде аталмыш балар үйіне материалдық көмекпен азық-түлік беру сынды қайырымды істер атқарды. Жаңадан келген 16 бүлдіршінге департамент атынан толық киім кешектер үйлестірілді. «Арбір баланың қуанышы біз үшін маңызды. Біз қолымыздан келген көмекті еш уақытта аянып қалмаймыз» -дейді ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департменті. Қашанда мейірімге мұқтаж жандар бар екенін естен шығармайық!

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі.

Атырау облыстық департаментінің баспасөз хатшысы

Аға лейтенант АЙТӘЛІ Өмірбат

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button