Шенеунік парамен ұсталды (ВИДЕО)

Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді.

«Ол жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді, бірінші жағдайда – өзіне бағынышты тұлғадан оны қызметте көтермелеу және жалпы қамқорлығы үшін талап еткен 10 мың АҚШ долларының 3 мыңын, екінші жағдайда – жеке кәсіпкерден оның кәсібін тексеріссіз жабуға жәрдемдескені үшін 490 мың теңге пара алған», – депті агенттік.

Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Exit mobile version