Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Атырау облысында 27-28.06.2020 күндері өңір бойынша карантиндік шектеулер күшейтілді.
27.06.2020 түнгі 00: 00-ден 29.06.2020 түнгі 00:00 –ге дейін Облыстың бас санитар дәрігерінің орынбасары Ж.Досымбаеваның қаулысына сәйкес:
- Той, көпшілік жиналатын жиын, спорттық шаралар, үйде өтетін отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынады;
- Адамдардың қозғалысына, жүруіне тыйым салынады. Егер жұмысқа бару керек болса, мекеменің атынан анықтама қажет;
- Дәріханаға, азық-түлік алу үшін тек қана тұрғылықты мекен жайға жақын жерге бару керек;
- Медициналық мекемеге аса мұқтаж болған жағдайда ғана жүгіну керек;
- 65 жастан асқан адамдар қажеттілікке қарай сыртқа шығуы тиіс.
Сонымен қатар, үйдің жанындағы азық-түлік дүкендері күндізгі 10:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс жасайды.
Ескерту, шаштараз, демалыс орындары, бассейн, фитнес орталықтары, монша,сауна, жағажай, Жайық жағасындағы жағалау, саябақ жабылып, жұмыс жасамайды. Қоғамдық көлік те екі күнге жұмысын тоқтатады.
–